Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты орын алды

330
15.08.2022 05:35

Жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 тамыз күні сағат 16:55-те “Покровка – Жаңажол” автожолының 75-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді. 

Темір ауданы “Покровка – Жаңажол” тас жолының 75-ші шақырымында Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан.