Жаңа базар жабылмасын! Саудагерлер өздері нәпақасын тауып отырған Шымкенттегі жаңа сауда орталығы жабылып қала ма деп қорқады. Өйткені әлеуметтік желілер бұл базар жұмысын тоқтататынын айтып жарияға жар салып жатқан көрінеді.
Барлық жағдайы жасалған. Енді не істеуміз керек. Ана базарды жауып, мына базарды жауып. Біз қалай күн көреміз сонда?
Шымкент қаласында орналасқан «Басымбек ата» мал базары осыдан 1,5 жыл бұрын ашылған. Содан бері елдегі эпидахуалға байланысты бір ашылып, бір жабылып жүріпті. Енді ғана тұрақты тұтынушыларын тапқан мал базар аптасына 1 күн ғана жұмыс істейді екен. Алайда, блогерлер мен әр сала мамандары жиі-жиі келгіштеп жабамыз деп қорқытады дейді кәсіпкерлер.
БАҒИРА АХМЕТОВА - САУДАГЕР - Басымбек ата мал базарын жаппауын өтінеміз.осынша халық осы жерден нан жеп отыр. Бәрінің бала-шағасы бар,кредиттері бар. Оның бәрін осы жерден жауып отыр.лажы болса жаппаңыздар.
Ал, базар басшысы бұл басқа кәсіпкерлердің көре алмаушылығынан орын алып жатқан мәселе деп болжайды. Әр саладан тексеріп келген мамандар тарапынан алғашында ескертулер болған. Бірақ базар директоры ол ескертулердің бәрін орындап, 100% жұмыс істеуге рұқсат алған. Сонда да, келіп қысым жасаушылар саны азаяр емес деп ашынады,-Нұрсейіт Қауысбеков
БАСШЫСЫ - Базарды жүргізу оңай болмады. Карантин болды бір жабылды,бір ашылды.енді міне кішкене жақсы болып, жағдай жасап жүріп жатқанда жан-жақтан келіп қысым көріп жатырмыз.полициялар базарға мал кіргізбей жолды жапты.Енді бұл неден болып жатыр.көреалмаушылық па? Қашанғы бір бірімізді көре алмай жүреміз
Нұрсейіт Қауысбеков «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында заңды түрде кәсіпкер ретінде тіркелген. Сондықтан базар басшысы басқа кәсіпкерлер сияқты өз құқығын қорғауға толық құқылы екен.
СЫРЫМ ЖОРАБЕКОВ – ШЫМКЕН ҚАЛАСЫ «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ АЗАЙТУ БӨЛІМІНІҢ ЭКСПЕРТІ - Алдағы уақытта бұл кісілер қандай да бір арыз шағыммен келетін болса,құқығы тапталып ол кезде біз кәсіпкердің жағынан әр қашан жұмыс жасауға дайынбыз.
«Басымбек ата» мал базарында тазалық қатаң сақталған. Күдікті мал анықталса арнайы оқшаулау аумағына апарып тексеріс жүргізіледі екен. Құжаттары да заңды. Енді кәсіпкерлердің алдағы уақытта қысым азайып, алаңсыз жұмыс істесек деген үміті бар.
️