Бүгінде базарды былай қойғанда ірі сауда дүкендерінде әлеуметтік тауарлар құны шарықтап кетті. Олар мұның басты себебін көтерме саудагерлердің өнімді осы бағада беретінімен байланыстырады. Тұрғындар тарапынан бағаға қатысты базыналар жетерлік. Сондықтан жергілікті мамандар тауар құнына қатысты мониторинг жүргізді. Талдау жүргізудің маңызы неде? Одан қандай қорытынды шығады? Тілші тарқатады.
Тұрғындар тауар құнының шарықтап бара жатқанын жиі атады. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қатысты. Қант пен картоп, сәбіздің де саудалану бағасы қалта көтермейтінін айтады. Сондықтан жергілікті депутаттар мониторинг жүргізді. Ондағы мақсат, тауар құнының шектік нормамен сатылуын бақылау.
ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ - Қайта-қайта осылай монитоиинг топ тек алтыне бұлақты емес жер-жерді аралап жүретін болады. біріншіден бұл бағаны тұрақтануына, екіншіден көз көрсе ұялады деген сияқты көп қоюға алып сатарлардың өздері ыңғайсызданып жатқан сияқты. Енді қазір біз жеке дүкендерді де көреміз.
Жұмысшы топтың жүргізген сараптамасына сәйкес біршама өнімнің құны төмендегені анықталды. Мәселен, екі апта бұрын қант 750 теңгеден болса бүгінде 550-ге түскен. Ал картоп бағасы 200 ден саудалануда. Тұрғындар болса, тауар бағасының біршама төмендегенін айтады.
СҰЛУХАН ЖАҚСЫЛЫҚОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Базарға сауда істеуге келдім. Жақсы, бағасы ойдан шығады. Саудаістедім. Базар да жақсы. Тұтынушылар да жақсы. Картоп пияздың бағасы бұрынғыдай емес түскен. Мен өзім ризамын. Саудаға бағасына.
Халық жиі тұтынатын өнімдер бағасын бақылау мақсатында облыс аумағында 18 жұмысшы топ құрылған. Топ құрамы 130 адамнан тұрады. Олар өткен айдан бері 90-ға жуық ірі сауда орындарына мониторинг жүргізген. Жұмысшы топ тарапынан әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтермеу туралы кәсіпкерлерге ескерту жасалынады.
️