Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер 2 айға қамалды

242
12.08.2022 04:14

Оралдық кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевтің өліміне байланысты алғашқы сот отырысы өтті. Кәсіпкерді бауыздап кеткен қос күдіктіге қатысты 2 айға қамау туралы шешім күшіне енді. Кәсіпкерді өлтірген Руслан Қожантаев тергеу дәлелдерімен келіспейтінін мәлімдеп, өзін екі айға қамауға алмауын сұрады. Айтуынша оның кішкентай балалары мен екі әйелі бар, оның бірі жүкті. Ал, оның сыбайласы Тұрлан Амангелді кәсіпкерге Қожантаевтың қысым көрсетуімен, яғни мәжбүрлі түрде барғанын айтты. Айта кетсек, екі күдікті де бұған дейін істі болмаған. Сарапшылардың сөзінше, Мұханғалиевтің өліміне мойын, кеуде және бел аймағындағы пышақ жарақаттары, сонымен қатар сол жақ ұйқы артериясы мен оң бүйректің зақымдануы, маңдай сүйектерінің сынуы себеп болған. Тергеу кезінде олар енді қамауда болады. Айта кетейік, кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті 6 тамызда кешке асқан қатігездікпен өлтіріп кеткен еді. Оның мәйіті Атоян атындағы орталық стадионның тұрағынан табылды.