Қайтыс болған 5 жастағы қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Инстаграм парақшасында жазды. Жазбада облыс әкімі Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтқан. Сондай ақ, бұл оқиға тек ол отбасының емес, барлық облыс үшін қайғылы жай екенін жеткізген. Өңір басшысы іздеу жұмыстарына белсене атсалысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен облыс тұрғындарына, еріктілерге алғысын білдірді. Еске салсақ, 5 жастағы бүлдіршін 7 тамызда жоғалып кеткен еді. Өкініштісі, 4 күн бойы іздеуде болған Мәдина Ерланқызы күні кеше денесі табылған еді.
️