Қостанайда қантты 100 пайыз үстеме қосып, заңсыз сатқандар анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі. Әкімдік пен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан келісін 420 теңгеге жеңілдікпен кәсіпкерлерге берген. Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 келіге дейін қантты ауызбастырық ретінде беріпті. Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатып келген. Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру кезінде 900 келі қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.
️