Түркістан
EN

Имамдар курсы басталды

426
08.06.2021 23:00

Алматыда  Имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курс басталды. Үш күнге созылатын шарада Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің мұғалімдері дәріс оқиды. Жалпы, жыл басынан бері Алматыда 11 адам дәстүрлі дінге оралған. Бұл әрине, имамдардың жүргізген үгіт-насихаттары мен жемісті жұмыстарының арқасы. Бұл туралы қалалық дін істері жөніндегі басқармасының мамандары мәлімдеді. Қаңтар айынан бері 1 мың 300-ден астам теріс ағымға түскен азаматтармен жұмыс жүргізіліпті. Курсты ұйымдастырушалыр осы ретте имамдардың тәжірибесін арттырудың маңызы зор екенін атап өтті.

️