Алан Құрманғалиев Wtт Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды

176
11.08.2022 09:35

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Аслан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өткен WTT Youth Contender ірі турнирінің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды  BAQ.KZ Olympic.kz сілтеме жасап.

Ол 15 жастағы спортшылар арасында чемпион атанды. Құрманғалиев турнир барысында даниялық Янус Беседті (3:0), Үндістаннан келген Баламуруган Раджасекаранды (3:1), неміс Фридрих Кун Фон Бургсдорфты (3:1), және Швед Питер Алестедтті (3:0) жеңді.

Жартылай финалда корейлік Ли Сын суға мүмкіндік бермей-3: 0 ұпаймен финалға жолдама алды .

Шешуші матчта Аслан Құрманғалиев Оңтүстік Корея командасының тағы бір өкілі Квон Хекпен кездесті. Текетірес 3:1 есебімен аяқталды - қазақстандық спортшы турнирді алтын жүлдемен аяқтады.

Айта кетерлігі, бұл спортшымыз үшін халықаралық деңгейде жеңіп алған 15-ші марапаты болды.