Елімізде қайырымдылық жасаған адамдарға атақ беріледі

177
11.08.2022 09:22

Елімізде жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға құрметті атақ берілмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлім етті, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайырымды іс жасаған адамға немесе ұйымға құрметті атақ беріледі. Қазір оның ережесі мен талабы әзірленіп жатыр. Қайырымдылық жасағаны үшін берілетін құрметті атақ жыл сайын байқау негізінде тағайындалады. Атақ жеке адамға немесе ұйымға берілуі мүмкін. Кісінің немесе ұйымның жасаған игі істерін арнайы комиссия қарап, нәтижесінде құрметті атақ беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады», - деді Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.