Студенттердің жатақхана мәселесі талқыланды

455
11.08.2022 04:47

Түркістанда жатақхана тапшылығы сезілмейді. Бүгін Облыстық Қоғамдық Даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев осылай деді.  30 жылдық тарихы бар Қ.А.Яссауи универсиететінде 3042 орынды 7 жатақхана бар. Қосымша 316 орындық 2 ғимарат иесімен келісімге келген. Қалғаны сонда тұрады. Басымдылық шетелден келгендерге, көп балалы отбасыдан шыққан балаларға, мүгедектігі бар 1-2 курс студенттеріне беріледі. Ақылы бөлімде оқитындар мен 4 курс студенттеріне жатақхана қаралмаған. Облыста 35617 студент бар екен. Олар 2 ЖОО мен 54 колледжде білім алады.