Түлкібас ауданында алма бау көлемі артуда

569
11.08.2022 04:44

Алма Түлкібас ауданының брендіне айналғалы қашан. Бүгінде өңір бағбандарының иелігінде 3,5 мың гектар алма бау бар. Оның басым көпшілігі қарқынды бау саналады. Былтыр аудан шаруалары 25 мың тонна өнім алған болса, биыл оны арттырып 35 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Түлкібас ауданында алма егумен ірілі-ұсақты 30-дан аса шаруа қожалық айналысады. Бағбандар саны да жыл санап көбеюде. Солардың бірі Қуаныш Өміртаев. Ол өзі күтіп-баптайтын алма бақтан былтыр 90 тонна өнім алса,биылғы межелері 200 тонна екен. 7 жыл бұрын қолға алынған егістік алқапта тамшылатып суару әдісі қолданылады. Әр ағаш түбіне сағатына 3 литр су құйылып, осылайша жылдан жылға алма ағаштарынан алынатын өнім көлемі артуда дейді,-бағбан

ҚУАНЫШ ӨМІРТАЕВ – БАҒБАН - Баудың аумағы 40 гектар.оның 20 гектары жаңа айтып өткендей 2015 жылы егілген. Екі түрін еккенбіз. Күтіп бапаймыз бұтақтарын қиып.қыста жасартып отырамыз солай.

Түлкібас ауданының ауа райы биыл алма бақтарына қолайлы болып тұр. Көктемгі жаңбыр мол түсіп, жердің ылғалдылыға да жақсы сақталған. Бұл алма бақтарының жақсы гүлдеп, мол өнім беруіне септігін тигізуде.

ЖӘНІБЕК КЕРІМҚҰЛОВ – ТҮЛКІБАС АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ  - Әр ауданынның өз ауа райына сай өзінің өнімі болады. Өздеріңізге белгілі,біздің аудан алма өсіруге өте бейімделген аудан. Бізде ауа райы жаз ыстық болғанымен, жазымыз салқын болады. Ал мынау алма өнімдеріне өте қолайлы.күннің ыстығын күндіз өзіне көп алады. Сөйтіп кешке салқында  сочност жинайды. Сол себептен мына біздің ауа райымызға алма өте қолайлы.

Ауданда алма сақтауға арналған сыйымдылығы 3 мың тоннаға дейін жететін 5 ірі қойма бар. Биыл жоспарланып отырған 35 мың тонна алманың 10 мың тоннасы арнайы қоймаларда сақталады. Дәмі тіл үйірер жеміс бүгінде еліміздің батыс өңіріне және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына жөнелтіледі. Кейбірі шет елдерге экспортталады екен.