Түркістан қаласындағы Кірістер басқармасы ХҚКО "Ашық есік күнін" өткізді

659
11.08.2022 04:40

Енді үйден шықпай-ақ салық төлей аласыз. Ол үшін қолыңызда қалта телефоныңыз болса жеткілікті. Игі бастаманы халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Түркістан қалалық кірістер басқармасы халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күнін өткізді. Жиында мамандар «e-salyq-azamat» және  «e-salyq business» қосымшаларымен жұмыс істеудің қыр сырын көрсетті. Айта кетейік, Жоба арқылы  арнайы белгіленген уақытқа дейін қанша салық төлейтініңізді біле аласыз. Сондай-ақ, көлігіңізге қатысты анкетаны толтырып,  жылдық салық мөлшерін де дәл осы мобильді қосымша арқылы төлеуге болады,-дейді мамандар.

НҰРБОЛАТ ЖАҚАЕВ -  ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Бұл ашық есік күнінің негізгі мақсаты салық төлеушілер мен дара кәсіпкерлердің салық төлеу мерзімін жеткізу, жер-мүлік,көлік салықтарының мерзімдерін атап өту,түсіндіру жұмыстарын жүргізу.салық есептілігін онлайн төлеу туралы,270 декларацияны да осы моб.қосымша арқылы төлеу туралы айтық.