Темір жолдағы қауіпсіздік басты назарда

538
11.08.2022 04:32

853 әкімшілік құқық бұзушылық. Бұл жыл басынан бері темір жол саласында тіркелген тәртіпсіздіктің саны. Олқылықтың алдын алу үшін Түркістан станциясы желілік полиция бөлімі «Көліктегі қауіпсіздік» акциясын өткізуде. Тамыз айының 8-12 сі аралығына жоспарланған шараның алғашқы екі күнінде біршама заң бұзушылықтардың жолы кесілген.  Жолаушылар көбіне қай ережелерді елемейді.  Тақырыпты толығырақ тілші баяндасын. 

Көліктегі қауіпсіздік акциясының негізгі мақсаты темір жол маңындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу. Сондай ақ, балалар мен жолаушыларға қауіпсіз жол ережелерін ескерту. Жалпы жыл басынан бері  853 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде белгіленбеген жерде сауда жасаудың 146, қоғамдық орында тиісудің 162, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішудің 42 фактісі тіркелген. Азаматтар әсіресе теміржол бекетінде белгілінбеген жерден жиі өтеді екен. Мұндай жағдайлардың 411 жағдайы анықталған.  

САЯУШ МҰҚАШЕВ – ТҮРКІСТАН СТ. ЖПБ-НІҢ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ -  Бізде 559 бап бар ҚР ӘК ол белгіленбеген жерден адамдар өту. Және де 559 дің 1 бабы бар. Жануарлар мен малдарды жергілікті жерлерде мал бағу ережелерін бұзу. Бұл басты мақсат жазатайымдарға жол бермеу болып есептеледі. Түркістан облысының халқына және қонақтарына, темір жолға жақын орналасқан адамдарға өздеріңіздің балаларыңызды және мал шаруашылығымен кәсіпкерлерге теміржол немқұрайлықарамау. Және өздеріңіздің балаларыңыздың қауіпсіздігін сақтауды сұраймын. 

Ал, поезд көлігін тізгіндеушілер тұрғындарға ережені қатаң сақтауға шақырады. Себебі бір аптаның ішінде орта есеппен 3–4 жедел тежеу фактілері орын алған. Поезд жүргізушісі оқыс оқиғаны көрген күннің өзінде бір сәтте тоқтай алмайды. Сондықтан мұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталатынын айтады.

МИНГАЛИ АБЛАЕВ – ТҮРКІСТАН ЛОКОМАТИВ ПАЙДАЛАНУ ДЕПОСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ  

Машинистер тежегішті қолданған кезде экстр.өзінде тормозной тоқтаған күннің өзінде 800 – 850 метрге дейін жетеді .сондықтан машинистр автомашина сияқты бірден тоқтай алмайды сондықтан өте сақ болу керек. темір жол бойында тұратын азаматтарға айтарым. Өзінің ережесі бар. Темір жол қауіпті. Сондықтан малдарыңызға қарап шет жақта теміржолға жақындатпай өзінің ережесі бар 1 километр жақындауға болмайды. Сондықтан сақ болуын сұраймын. 

Акция барысында, «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онда жолаушыларға қауіпсіздік ережелері мен темір жол маңында мал жаю қағидалары жайлы айтылды. Әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларын өткен жылмен салыстырма түрде есептесек. Мәселен, биыл 873 оқиға болған. Ал былтыр 862 жағдай тіркеліпті.