Қырымдағы Ресейдің әуебазасында жарылыс болды

290
10.08.2022 10:18

9 тамыз күні түстен кейін  Қырым маңындағы Новофедоровка ауылына жақын ресейлік аэродромда  жарылыс болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жеті адам жараланды. Жергілікті тұрғындар Reuters агенттігіне жергілікті уақыт бойынша 15:20 шамасында кем дегенде 12 жарылыс естігендерін айтты. 

Украина әлеуметтік желілерінде базаға өздерінің зымырандарын ұшырғандығы жайлы болжамдар жариялауда. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде  расталмады.