Түркістандықтар жаңа оқу жылына қалай дайындалуда?

354
10.08.2022 04:55

35275 теңге. Бір балаға мектеп формасын алу үшін осындай көлемде қаржы бөлінеді. Бірақ бәріне бірдей емес.Атаулы Әлеуметтік көмек алатындарға ғана арнайы тізіммен босатылады.Облыста 52 мың бала осы тізімде тұр. Ол үшін облыстық бюджеттен 1 млрд.852 млн қаржы бөлінбек. Ал, Білім күні қарсаңында мектепке дайындық қыза түсуде. Ата-аналар базардағы бағаның қымбат екенін айтады. Мектепке дайындық қалай? Тақырыпты әріптесім Жандос Тастемір зерттеп көрді.  

Түркістандық Максуда Дултаеваның  7 баласы бар. Оның 5 уі мектепке барады. Ол да өзге ата аналар секілді балаларының мектепке қажетті заттарын түгендеуде. Оқу құралын бәрін алуға қалта көтере бермейді дейді.

МАКСУДА ДУЛТАЕВА - КӨП БАЛАЛЫ АНА - Қазір базарда сауданың қызған шағы. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Барлығыда балдарын сүйреп, киімдерін алып беруде. Көбі биыл бағаның тым шарықтап кеткеніне айтып отыр.

Базар нарқын бізде байқап көрдік. Киімді қоспағанда, жай заттардың өзіне  15-20 мыңнан аса қаражат керек. Мәселен, 

Күнделік 700-500 тг

Дәптер-30-40 тг

Дәптер қап 350 тг

Қалам- 50 100 тг

Түрлі түсті қалам-1000

Пластилин 600

Өшіргіш ұштағыш 150-200 тг

Қыздарға арналған осы форманың 3-ші сынып оқушысына арналған жинақ түрінің орташа бағасы 18 мың теңгеден басталып, 30-40 мыңға дейін жетеді. Ер балаларға арналған жинақтың ең арзаны 20 мың теңгеден басталады.Сапасы жоғары киім алсаңыз баға екі есе болады. Ал жоғары сынып оқушыларының киімдері тіпті қымбат. Саудагерлер былтырғымен салыстырғанда биыл баға өсті дейді.

Сондай-ақ оқу жылында шәкірттер   ақ көйлек, қара не көк түсті кастюм шалбар киеді. Биыл мұқтаж отбасындағы оқушыларға дайын форма емес, ақшалай ата-ананың есепшотына түседі. Ал, аяқ киім,басқада құралдарды ата-аналар өздері сатып алуы тиіс. Қаражат тамыз айының 25-не дейін аударылады. Алайда, ата-аналар сатып алған жерден чек талап етіп, оның есебін беруі тиіс. 

ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ – ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Бұдан бөлек, оқушыларды мектепке дайындау үшін 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  «Мектепке жол» республикалық акциясы  жүріп жатыр. Акция шеңберінде  халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мектепке қажетті материалдық көмекпен қамтылатын болады.