Қостанай облысында 5 жастағы қызды іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Жоғалған балдырғанды соңғы рет жүгері алқабында көрген екен. Егістікті қазірде полицейлер қоршауға алды, іздестіру жұмысына дрон пайдаланылып жатыр. Оған дейін тұрғындар үйінен шыққан қыздың белгісіз бағытқа кетіп бара жатқанын түсіріп алған. Жергілікті және қала тұрғындары полицияға жүгері алқабын сүзіп шығуға көмектесіп жатыр. Бұған дейін Қостанай облыстық Полиция департаменті бала жоғалған күннің хронологиясын жасаған болатын. Естеріңізге салсам, Жамбыл ауылында тұратын 5 жасар қыз 7 тамыз күні таңертең үйінен шығып кетіп қайта оралмаған. Ерекше белгілері – сөйлемейді. Үйде 18 және 13 жастағы әпкелерінің қарауында болған.
️