Түркістан облысында 15 жастағы бала өзенге батып кетті

263
10.08.2022 04:42

Түркістан облысында 15 жастағы бала арыс өзеніне батып кетті. Қайғылы оқиға Ордабасы ауданы Темірлан ауылынан бір шақырым жердегі Арыс өзенінің бойында болған. 2007 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, қайтадан шықпаған. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағына қарасты құтқарушылар мен сүңгуірлер баланың мәйітін судан алып шықты. Оқиға орнындағы баланы іздеу жұмысына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері мен бір техникасы және жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы, полиция департаментінің 4 қызметкері жұмылдырылған.