Түркістан қаласының кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 20 пайыз ғана. Рухани шаһарды толық сарқынды су жүйесіне қосу үшін 14 нысанның құрылысы жүруде. Оның 3-еуі өткен жылы пайдалануға берілген. 4 нысан 2022 жылға өтпелі. Биыл тағы 2 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Әйтеке би көшесі мен Бірлік тұрғын алабындағы кәріз жүйесінің құрылыс барысын аралап көрді. Тиісінше мердігер мекемелерге нысанның сапасына бас мән беруді тапсырды.
️