Мемелекеттен қолдау алып кәсіп бастаған бәйдібектік шаруа халықтың алғысын алуда

190
10.08.2022 04:37

Бәйдібек ауданының тұрғындары мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиенің шарапатын көріп отыр. Мың гектар жерді мақсатты игеріп жүрген шаруа Ерғат Сағымбаев  аталған қаражатқа қойма салдырған. Оның игілігін жақынды алысты ауыл тұрғындары көріп отыр екен. Өйткені жазда жиналған өнімді қыста сақтау қиын мәселе. 

Егіннің бел ортасында жүрген шаруалардың бірі – Ерғат Сағымбаев. Ол «Әсілбек – Айткүл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы. Көп жылдан бері егінін егіп, астығын орып тірлік жасап келеді. Өзі басқарып отырған серіктестікке 15 шақты отбасыны біріктірген. Қазіргі таңда өзіне тиесілі 1000 гектардай жерді мақсатты игеріп отыр.

ЕРҒАТ САҒЫМБАЕВ – ШАРУА - 10 шақты, 10-15 отбасы жұмыс істейді. Көбін дайындайды. Өзіміз аламыз. Халыққа сатамыз. Сабаны бар техникамыз бар. Соны ауылдың балдары істейді. Ауылдың балдары жүргізеді мамандар. 02/55 Биыл 600 гектардай бидай, 200 гектардай мақсары, 100 гектардай арпа, 40 гектардай жоңышқамыз бар. Соны өзіміздің техникаларымызбен игеріп жатқан жағдайымыз бар. 

Шаруаның  тынымсыз тірлігі мұнымен шектелмейді. Егін егіп, астық орудан өзге мал бордақылау ісімен де айналысады. Ол бордақы малдың етін өзге жаққа өткізіп, пайдасын өзі көріп отырса бір сәрі. Керісінше, тек ауыл тұрғындарын етпен қамтамасыз етеді. Себебі өзі тоқ болып, ауылдастарының аш жүргенін қаламайды. Сағымбаев алдағы жылы шаруашылық көлемін ұлғайтып, мол өнім алуды жоспарлап отыр. 

ЕРҒАТ САҒЫМБАЕВ – ШАРУА - Шаруашылықты ұлғайтсақ дейміз. Оны ұлғайтуға жеріміз жоқ. 500-600 геткар жер 27 отбасыға 500-600 гектар жер соны игереміз. Бізге жер болса, көбірек болса, өнімді де көбейтуге болар еді. Жартысын тыңайтып оған мүмкнідік жоқ. 500-600 гектар жеріміз бар. Қалған 300-400 гектарды бірігіп егеміз. 

Бұдан өзге, Ерғат Сағымбаев несие алып қойма салдырыпты. Қойманың жанына дәнді тазалайтын, дәрілейтін және жем жаратын құрылғы мен 80 тонналық таразы орнатқан. Бұл ауыл тұрғындары үшін қолайлы болған. Себебі шаруалардың барлығында дерлік қойма жоқ. Сондықтан дәнді дақылдарын осында сақтап, қыстан аман алып шығады екен.