«Қорқыт туралы аңыз» енді «астана опера» театырында. Түркістан музыкалық драма театрының әртістері 27-28 тамыз екі күн қатарынан елордалық театр сахнасында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Шығармашылық ұжым елорда тұрғындары мен қонақтарына жазушы-драматург Ермек Аманшаевтің «қорқыт туралы аңыз» қойылымын ұсынады. Онда көшпелі халықтардың тарихында терең із қалдырған, сондай-ақ құнды әдеби-музыкалық мұралар тудырған аты аңызға айналған Қорқыт атаның өмірінен сыр шертеді.
ЕЛАМАН АБДІХАЛЫҚ – ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСІ - 26-27 ТАМЫЗ КҮНДЕРІ АСТАНА ОПЕРА ТЕАТРЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕМІЗ. БҰЛ БІЗДІҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ГАСТРОЛДІК САПАРЫМЫЗ. ОСЫҒАН ДЕЙІН БӨРТЕ ҚОЙЫЛЫМЫН ҚОЙҒАН БОЛАТЫНБЫЗ. БҰЛ ЖОЛЫ «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫН ҰСЫНБАҚПЫЗ. МЕН ҚОРҚЫТТЫҢ РӨЛІН СОМДАЙМЫН. БҰЛ ҚОЙЫЛЫМДЫ БОЛАШАҚТА ТЕК ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА ЕМЕС ШЕТ ЕЛ САХНАЛАРЫНА ДА АЛЫП ШЫҒУ ОЙЫМЫЗДА БАР.
️