Қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары Сауд Арабиясына ет экспорттайды

352
09.08.2022 07:09

Қазақстанның 5 кәсіпорны Сауд Арабиясына ет экспорттайды, деп ауыл шаруашылық министірлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек басқармасы арасындағы екіжақты белсенді ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіміне енгізілді. Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы)", - делінген хабарламада