Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны жүзеге асырылуда. Жобаның орындалу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте кеңінен талқыланды. Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, тамыздағы дерекке сәйкес 223 жаңа жобаның 191-і бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар түзілген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жалпы 306 млн. теңге үнемделген. Мәжілісте мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақтылы аяқтау, қаржыны заң талабына сай мерзімінде игеру мәселелері қозғалды. Құрылыс басқармасы мен бірқатар аудан әкімдіктерін жұмысты күшейту жөнінде міндеттер жүктелді.
️