Жол ережесін 62 рет бұзған азаматтың ісі сотқа жолданды

212
09.08.2022 04:17

Шенеуніктердің дабыл қағарындай бар. Түркістандық көлік жүргізушісі 62 рет жол ережесін бұзған. Тіпті ол 1 миллион 600 мың теңгеден астам айыппұлын өтемеген екен. Тайота маркалы көліктің иесі жалған мемлекет нөмір таққаны белгілі болды. Аталған автокөлік айыптұрағына қойылды. Ал жүргізушіге Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4 бөлігімен хаттама толтырылды. Қазіргі таңда іс сотқа жолданды. Айта кетейік,  соңғы 10 тәулікте жол ережесін бұзған 961 автокөлік жүргізушісі тіркелді. Одан өзге, 148 көлік айыптұрағына қойылды. Аталған деректер, «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарлама аясында мәлім болған. Жаңа бағдарламаның мақсаты жол ережесін өрескел бұзушыларды анықтау. 

СӘБИТ БАХТЫҒАЛИЕВ   - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ЖБ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  БАСТЫҒЫ - Жедел басқару орталығы Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесе отырып, жол жүру ережелерін бұзған 961 автокөлік анықталып, оның 148-і айыптұраққа жеткізілді.  Сонымен қатар,  "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасы жүйсеі аясында 180 автокөлік анықталып, оның 109-ы айып тұраққа жеткізіп, 71 автокөлік  жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.