Бүгінде Түркістан облысында 190 адам пробациялық есепте тұр. Олардың қоғамда өз орнын табуы аса маңызды. Сондықтан сотталған азаматтарға психологиялық көмек көмек көрсету мақсатында жиын өтті. Онда есепте тұрған азаматтардан сауалнама алынды. Сондай ақ, жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар да қаралды. Жалпы есепте тұрған 190 азааматтың, 16-сы шартты түрде сотталған. Ал 119 айыпталушыға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Одан өзге, кәмелет жасына толмаған 1 сотталушы тізімдік қатарында.
АҚМАРАЛ БЕКБАЙ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОР – ПСИХОЛОГЫ - Бүгінгі шараның мақсаты психологиялық тұрғыда көмек көрсету сотталған азаматтарға және жұмыспен қамту. Барлығымыздың мақсатымыз сотталған азаматтарды қайта қылмысқа жол алдырмауын, қайта қылмыс жасауы және де ары қарай тығыз жұмыс жасауға біргелесіп бар күш жігерімізді саламыз.
️