Қызылордада өрт сөндіру, құтқару спортынан жазғы чемпионат өтті

253
09.08.2022 03:58

Қызылордада өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер және әйелдер арасындағы жазғы чемпионат өтті. Бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғаған әйелдер құрамасы ерледі. Олар жалпы, командалық есепте көш бастады. Жарыстың алғашқы күні жерлесіміз Айдана Тұрсын шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2 қабатына жүгіруден 2 орынды иеленді. Осылайша команданы алға сүйреді. Ал одан кейінгі күндері өткен эстафеталық және жауынгерлік қанат жаю жарыс түрінен де бұрымдылар  топ бастады. Осылайша, төрт күндік чемпионаттың нәтижесінде жалпы командалық есепте Түркістан облысының әйелдер құрамасы бірінші орынға тұрақтап, мықты екендіктерін дәлілдеді. Одан кейінгі орынға Нұр-Сұлтан қаласы, ал үздік үштікті Алматы қаласының командасы еншіледі.