Елімізде жыл басынан бері 11 мыңнан аса алаяқтық жасау оқиғасы тіркелген. Салдарынан ел тұрғындарына 7 млрд теңге шығын келтіріпті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді. өкінішке орай бұл көрсеткіш жыл санап артып келе жатыр екен. Мәселен 2016 жылы осы тектес мыңға жуық жайт болса, соңғы бір жылда 21 мыңға жетіпті. Қазіргі таңда халықты алдап, оңай олжаға кенелгендерден 571 қылмыскер, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған. Алаяқтық дерегі әсіресе «Банк қызметкерімін» деп таныстырғандардан тіркелген екен. Ал, пәтер тонау қылмыстары елімізде 34 пайызға азайыпты.
САҒЫНДЫҚ ЖАНТЕМІРОВ - ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҮШІНШІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: «Қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы 5 жылда пәтер тонау қылмыстары 33,4 пайызға азайды. Егер 2017 жылы 37 мыңнан астам қылмысты тіркелсе, 2021 жылы 12 мың шамасында болды. Бөтеннің мүлкін ұрлауды кәсіп еткендер пәтерге бұзып кіру тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Олар заманауи техниканы, мобильді байланысты, арнайы құралдарды пайдаланады. Көп жағдайда пәтер тонау қылмыстары күндіз жасалады, яғни осы кезде үй тұрғындары жұмыста немесе оқуда болатыны белгілі».
️