Отырарда аудан жастарының ұйымдастыруымен «Таза аудан» атты экоакция өтті. Оған бір топ студенттер мен «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек жасақтары қатысып, тазалыққа атсалысты. Олар жастар саябағындағы темір қоршауларды сырлап, ағаштарды әктеп, арық-атыздарды қоқыстан тазартты. Ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауымыз қажет дейді акцияға қатысушылар. Осылайша өзге қатарластарын, қоршаған орта тазалығын сақтауға, туған өлке тазалығына өз үлесін қосуға үндеді.Одан кейін жастар түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздар марапатталды.
️