Нәтиже фронт кеңсесі – нәтижесін көрсетуде. 3 ай бұрын басталған пилоттық жоба Түркістан облысында жүзеге асуда. Отырар ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығы мен Түркістан қаласында әкімдікке қарасты фронт офисте жұмыс істейді. Бұл жоба арқылы кез-келген азаматтың орталықта мәселесін шешуге мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін, 1500-ге жуық тұрғын кеңсеге келіп, мамандар көмегіне жүгініпті. Толығырақ әріптесін тарқатып айсын.
Гео. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОТЫРАР АУДАНЫ
Шәуілдірлік Сәрсенбек Оспан бірнеше уақытта бері үй кезегін алу үшін мекеме аралап жүрген. Бүгін бірден аудан орталығындағы «Азаматтарға арналған үкімет» орталығына тартып келіп, «Нәтиже фронт» кеңсесінде отырған мамандардан кеңес алды. Біраздан бері ойлап жүргені бүгін орындалып, шешімін тапқанына қуанышты.
СӘРСЕНБЕК ОСПАНОВ – ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Бүгін Отырар ауданындағы ХҚКО келдім. Оның ішінде Нәтиже фронт кеңсесі орналасқан екен. Тұрғын-үй кезегіне тұру бойынша арнайы мамандардан кеңес алдым.осы кеңестің арқасында құжаттарды рәсімдеп,қазір менің жұмысым бітті. Нәтиже фронт кеңсесінің арқасында баяғыдай барлық мекемелердің есігін тоздырмай, бір жерден бітіретін құжаттарды рәсімдеуге жол ашылған екен.нәтиже фронт кеңсесінің жұмысына жақсы баға берем.
Отырар ауданы ауыл шаруашылығына бейім аудан. Сондықтан осы бөлімнен бір маман осында жайғасқан. Ол шаруаларға техниканы қалай алудың тиімді тұстары жөнінде кеңес береді. Аптасына 15 адамға-дейін келеді - дейді ол. Көбі лизингке техника алу жолдарын сұрап келеді екен.
ТҰРСЫНБЕК ҚАЛАУ – ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ: «Арнайы техникаларды айдауға куәлік беріледі. Жеке тұлғаларға. Одан кейін кепілге қою куәліктерін береміз. Банкке кепілге қоятын кезде біз куәлік береміз. 3 қызмет E-лицензиясы вазасы арқылы онлайн түрде көрсетіледі. Тікелейде қабылдай береміз шаруаларды . »
Әрбір тұрғын нәтиже фронт кеңсесіне келіп жер қатынастары, әлеуметтік, құжаттарды толтыру, зейнеткерлікке шығу алдында толтырылатын құжаттар тізімін ала алады. Қарашадан жер мәселесі, әлеуметтік жәрдемақылар алу бойынша сауалдар көптеп түсуде. Соған жауапты мамандарда осында. Олар жұмыс күндері таңғы 9- дан 18-00 ге дейін жергілікті халық үшін жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін 64 мемлекеттік қызмет алыпты.
НҰРБОЛАТ СЕРІКОВ - АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК КООРПОРАЦИСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ САПАНЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШАСЫ: «мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету. Және е өтініш ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын, қызмет алушылардың шағымдарын және сұрау хаттарын сондай-ақ өтініштерін заңды мерзіміне сай тіркеп, заңды мерзімде жауабын алу.соны бір жүйеге келтіру.»
Жоба Түркістан қаласындағы фронт кеңседе іске асып жатыр. Мамыр айынан бастап бұл кеңсеге қала тұрғындарынан әр салаға 1400-ден астам өтініш келіп түсті. Цифрлік даму, инновация және аэроғарыш министрілігінің бұйрығына сәйкес жүзеге асып жатқан бастама халықтың үніне құлақ асатын мемлекет қағидасы бойынша іске қосылған.
МАДИНА БАЙҒҰТ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Азаматтарға арналған үкімет базасының «иссон» жобасы толығымен біздің Халықтық кесеге енгізілді.Халықтық кеңсеге әкімдіктен қызмет алуға келген тұрғындар қосымша ХҚКО нан алынатын қызметтерді де алуына мүмкіндігі бар. »
«ИССОН вазасы енгізілгелі тұрғындарымыз ААҮК бармай-ақ, осында қызмет алуына мүмкіндік жасалды»
Бұдан бөлек, Жергілікті әкімдікке арыз жазу, жеке қабылдау бойынша сұрақтарды осыннан алуға мүмкіндік бар. Павлодар облысы мен Қостанай қаласында да пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Айта кетейік, аталмыш жоба жыл соңына дейін жүзеге аспақ.
️