Алматы облысында атыстан 3 адам жарақат алып, біреуі мерт болды

211
08.08.2022 04:25

Алматы облысында жастар арасындағы жаппай төбелес оқ атумен аяқталды. Соның салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмған.  Қайғылы оқиға Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында болған. Қарулы қақтығысты тоқтатуға аймақтан қосымша полиция қызметі тартылған. Аталған жағдай жергілікті тұрғындар арасындағы кикілжіңнен туғаны белгілі болды. Жараланғандар ауруханада жатыр. Қазір облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысы бар барлық күдіктіні анықтаған. Бірақ олар әлі қолға түскен жоқ, іздестіріліп жатыр.