5 айдан бері айыптұраққа қойылған көліктерімізді ала алмай жүрміз. Шымкентте Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жүргізушілер дау шығарды. Олардың айтуынша қалалық полиция департаменті «ұрлықы» деп тапқан автокөліктер ісін дұрыс жүргізбей отыр. Соның салдарынан несиеге алған мүлкіміз күннің астында тұрып шіритін болды дейді.
- МЕНІҢ МАШИНАМНЫҢ БАМПЕРІ КҮЙРЕП ЖАТЫР...
Бұл көліктер Шымкентке Қазақстанның түкіпір-түкпірінен жеткізілген. Шет елде жүріп ұрланған мүлік біздің елде саудаға шыққан. Бірақ, сатып алушылар ол істен бейхабар болған екен. Автокөліктерін несиеге алып, нәпақамызды табамыз деп жүргенде, тәртіп сақшылары айыптұраққа алып кеткен. Міне содан бері 5-айға жуық уақыт өтіпті.
НҰРБОЛ ҚАБДИЕВ ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Е, бұл не сұмдық? Машинамыз күннің астында тұра бергендіктен панельдері жарылып жатыр. Мен өзім мына Батыста тұрам. Осыған бола Шымкентте пәтер жалдап 3 ай болды тұрып жатқаныма. Күніге баратын жерім осы айыптұрақ, двд. Бірақ нәтиже мүлде жоқ.
Шымкентке көліктерін алып кетуге келіп сандалып жүрген Нұрболдан басқа оншақты жүргізуші бар. Барлығының талап-арызы бір. Істі ертерек бітіріп, мүліктерін қайтарып алу. Мұнда тұра берсе, жарамссыз болып қалады дейді олар.
НҰРСҰЛТАН ЖҰМАНАЗАРОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Өткенде қырық мың теңгеге палатка алып келіп жапқам машинама. Бір аптадан кейін келсем палатка жоқ. Сомын осындағы күзетшілерге келіп шу шығардым...
Наразы топ тағыда арызын арқалап қалалық полиция департаментіне келді. Бұл жолы жүргізушілерді есік алдында қалдырмай ішке кіргізді. Бірақ, бәрібір жауап баяғыдай. «Іс тергеп тексерілуде» деген жаттанды сөзден ары асалмады. Ең сорақысы біздің қойған сұрақтарға дайын мәтінді оқып бере салғаны.
ХАМЗА БАҚҰСТАР ПОЛИЦИЯ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ - Іс Қостанай облысына жолданды. Біздің қарауымыздан шығару жұмыстары жүргізілуде...
Полициядан жөнді жауап алмаған жүргізушілер енді тек ішкі істер министрлігіне аттанбақ. Себебі, Шымкентте 4 айдай тергелген іс, Қостанай облысында жақын арада шешімін табатынына сенбейді.
️