Жаңа кәсіп ашуға түрлі идеяңыз бар. Бірақ сізде қаржылық жағынан қиындық болуы мүмкін. Осындай сәтте қаржы ұйымдары сізге қолдау білдіреді. Мәселен, КМФ микроқаржы ұйымы. Ол Орталық Азия және Қазақстандағы ең ірі қаржылық ұйым саналады.
КМФ отандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 25 жылдан бері қызмет етіп келеді. Сол уақыттан бастап отандастарымызға 2 миллионнан аса микрокредитті рәсімдеп үлгерген. Олардың басым бөлігі тұтынушылық мақсатта емес, кәсіпкерлік үшін берілген. Бүгінде осы ұйым арқылы кәсібін дөңлетіп отырған жандар жетерлік. Солардың бірі отырарлық Сымбат Сағатқызы.
СЫМБАТ САҒАТҚЫЗЫ – КӘСІПКЕР - Кмфтың 11 жылдан бері клиентімін. Кмфпен жұмыс істеген маған өте ыңғайлы. Ұнайды. Жылдам әрі тез несие рәсімдеу. Осы соңғы несиемді былтырғы жылы алдым. Кәсіпкер әйел ретінде. Төмен пайызбен. Акция жүріп жатқан кезед жеңілдікпен алдым.
Аталған компанияның тағы бір ерекшелігі. Қала тұрғындары мен қатар ауыл халқына көмек көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығын қолға алған отандастарымызға қолдау көрсетеді. Сондықтан болар тұтынушылардың басым бөлігі – ауыл тұрғындары.
НУРИДДИН ЖАСЫМБЕКОВ – KMF МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ - Компаниямыз микроқаржыландырудан басқа кәсіпкерлерге, халыққа қаржылай емес көмектерді беруге атсалысады. Сол іс-шаралардың бірі бүгін өткізіліп отырған КМФ микроқаржылық ұйымымен КМФ-ДЕМЕУ корпаративтік қоры екеуі бірлесіп, Атамекен кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп осы көрмені ұйымдастырып отырмыз.
Ұйымның жеткен жетістіктері де жетерлік. Мәселен, Форбес журналы КМФ-ті әлемдегі ең үздік 50 микроқаржы ұйымы тізімдігіне енгізген. Ал 2015 жылы клиенттер саны бойынша Орталық Азияда кредит портфелінің көлемі бойынша еліміздегіең ірі микроқаржы ұйымы болды.
️