Эфирде: 01:59 Travel Turkistan: Керуен сарай кешені
Ары қарай: 01:59 Travel Turkistan: Керуен сарай кешені

Азық-түлікті шеттен тыс қымбаттатқан өңірлер анықталды

79
05.08.2022 14:48

Сауда және интеграция министрлігі соңғы аптада 40,3 мың сауда дүкеніне рейд жүргізіліп, онда 734 сауда үстемесін бұзу фактісі анықталғанын жария етті, деп хабарлайды turkistanzaman Ulysmedia.kz.

Ең көп заңбұзушылық Нұр-Султан қаласында (278) және ШҚО-да (80) анықталған. Одан әрі Түркістан облысында (38), БҚО-да (33), Қостанай облысында және Маңғыстау облысында (32-ден), Жетісу облысында (30) тіркелген. Одан кейін Алматы облысы (28), Атырау облысы (27), Алматы қаласы және Жамбыл облысы (23-тен), Ақмола облысы (21) тұр.

Павлодар облысында - 17, Ақтөбе облысында-13, СҚО-12, Қарағанды облысында және Қызылорда облысында (11-ден), Абай облысында және Шымкент қаласында (10-нан) да фактілер тіркелді. Ең аз бұзушылықтар Ұлытау облысында анықталды (6).

«Жүргізілетін жұмыс бизнес субъектілерінің сауда үстеме бағасының өз еркімен төмендеуінен көрінеді. Түсіндірулер нәтижесінде сауда объектілері ӘМАТ-қа өздерінің сауда үстемелерін 5-15% - ға дейін өз еркімен төмендетті. Бұл ретте, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды, ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылды, 1 айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Сауда комитетінде атап өткендей, тексерістермен ірі қалалар мен облыс орталықтары, сондай-ақ аудан орталықтары қамтылады. Мониторингтік топтардың құрамына жұртшылық пен партиялардың өкілдері де кіреді.