Шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер ұсталды

365
05.08.2022 04:49

Шетелден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында тіркеуге заңсыз қойып келген қылмыстық топ әшкереленді. Олардың ішінде Полиция департаментінің 2 қызметкері бар. Олар таяу шет мемлекеттерден әкелінген көліктерді кедендік төлемдер, утильалым және мемлекеттік баждары төленбестен тіркеуге қойып келген. Әзірге осы схема бойынша Қазақстанда есепке қойылған 53 автокөлік анықталған. Мемлекетке келген шығын көлемі 320 млн теңгеден асады. Ал қылмыстық топ құрамына полицейлерден бөлек халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «көмекшілер», сондай-ақ жалған сенімхаттар жазып беріп отырған нотариустар кірген. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі осыған ұқсас фактілер бойынша 7 өңірде қылмыстық істер тергеп жатыр. Жалпы соңғы үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз есепке қойылғаны анықталыпты. Мемлекетке 10 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.