Шымкентте 1,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасаған 3 адам сотталды

258
05.08.2022 04:26

Шымкентте 1 жарым млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасаған 3 адам сотталды. Заң бұзушылықты жергілікті қаржы мониторингі департаментінің мамандары анықтады. Сот шешімі бойынша 3 азамат осы қылмыс бойынша кінәлі деп танылды. Олар 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді бұл азаматтарға 7 жыл бойы қаржы қызметімен айналысуға тыйым салынған. Сондай-ақ қылмыскерлердің біріне тиесілі Тойота автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттің меншігіне өтті.