Қазақстанда жемқорлық 25%-ға өсті

295
05.08.2022 04:18

 Жемқорлық үйреншікті нәрсеге айналып барады. Елімізде биылдың өзінде осындай қылмысқа қатысы бар 345 қылмыскер сотталған. Ал, Жыл басынан бері елімізде 1409 пара алу оқиғасы  тіркеліпті. Бұл көрсеткіш әсіресе ірі қалаларда белең алған. Мысалы, жемқорлықтың ең жоғары деңгейі – Қарағанды облысында. Елдегі көрсеткіштің 13%-ын осы өңір құрап отыр. Ал Алматы облысы – 8%,  Түркістан – 7% еншіледі. Ірі мегополистерде де ахуал ушыққан. Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының көрсеткіштері шамалас. Әрқайсысына 7 пайыздан тиесілі.