Эфирде: 03:28 Travel Turkistan: Керуен сарай кешені
Ары қарай: 03:28 Travel Turkistan: Керуен сарай кешені

Алматыда электрлі самокаттардың жылдамдығына шектеу енгізілді

25
04.08.2022 20:04

Алматыда самокат тебе алмайтындарға жылдамдық сағатына шамамен 20 шақырымға дейін шектелді, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. «Қалада самокаттарға қатысты шешім қабылданды, тәртіпке келтіруге кірістік. Бірақ, заңның қабылдануын күтіп отырмыз. Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар биыл күзде қабылданады. Қала деңгейінде мердігерлермен меморандумға қол қойдық, олар қазірдің өзінде саябақ аумақтарынан шықты. Қазір осы үш ірі операторға арнайы автотұрақтарды қарастырып жатырмыз. Тәртіп бұзушылар – ережелерді сақтамайтын қаланың жас тұрғындары. Меморандум аясында тамыздың аяғына дейін тәртіп әлдеқайда жақсарады деп сенеміз. Заң шыққанша, бұл мәселені қаламыздың ішкі шешімдерімен қарастырамыз», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматыда ортақ серіктестіктердің электрлі самокаттарына қазірдің өзінде шектеу қойылған. «Жылдамдық сағатына 25 шақырым. Бұл – самокат тебуді енді үйреніп жүргендерге. Ал, самокат тебуді үйренбегендерге сағатына шамамен 20 шақырым болады», - деді Ғани Мырзаханов. Бұған дейін Қазақстанда электрлі самокаттарды пайдалану ұлттық стандартының жобасы әзірленгені туралы жазған болатынбыз. Айта кетейік, Алматы қаласының әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беретін операторлар мегаполисте құрал қолданысын реттеу мақсатында ынтамақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған . Меморандум аясында электрлі самокаттармен жаяу жүргіншілер жолағында, саябақтарда және бұқаралық іс-шаралар өтетін қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады.