Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында барлық салада ілгерілеушілік бар. Аймаққа іс-сапармен барған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев осылай дейді. Жалпы ауданда 23 көше орташа жөндеуден өтпек. Бұдан бөлек, 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының шарапатын Түлкісбан ауданы да көріп отыр. Осы жоба арқылы Балықшы ауылындағы Нарботаұлы көшесінің орташа жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Ұзындығы 1,4 шақырым көше жақында ел игілігіне беріледі.
СНХ: МАРЛЕН КЕРІМЖАНОВ- «ҚАЗСУШАР» РМК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ-«Біздердегі Достық каналы Өзбекстаннан алатын шаруаларымыз ол жерде Мақтаарал Жетісай ауданында 134 мың гектар суармалы жер бар. Сол жердің барлығы Өзбекстан мемлекетінен келетін су арқылы қоректенеді. Ол жердегі айтып кететініміз биыл осы шілде маусым айларында проблема туындап, өңір басшымыз министрлік арқылы,одан кейін басқа мемлекеттің министрлеріне шығу арқылы біздің суымыз көбейіп отыр. Қазіргі таңда біз Өзбекстан,Тәжікстаннан келетін суды Сырдария өзені арқылы аламыз».
Бұдан бөлек, ауданда бірнеше мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бір мектеп осы оқу жылының басында, яғни, қыркүйекте берілсе, 2 білім ұясы жыл соңына дейін тапсырылмақ. Сонымен қатар 1 білім ошағына қосымша ғимарат соғылуда. Тағы үшеуі осыған дейін тапсырылған болатын.
️