Қазақстанда салынатын Атом электр станциясында жұмыс істейтін отандық кадрлар жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. Ведомства басшысы нысанды салумен қатар оны пайдалану да өте маңызды. Қазірде 2 бөшкелі 1 станциясыны басқару үшін 2 мыңға жуық маман қажет екен.
БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ - ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ-"Олар тәжірибе жинауы тиіс. Бірнеше жыл стансаларда жұмыс істеуі қажет. Мұнымен айналысып жатырмыз. Станса құрылысы аяқталған сәтке қарай осы 7-10 жылдың ішінде мол тәжірибе жинаған мамандардың жеткілікті пулын қалыптастырып үлгереміз деп болжап отырмыз. Дегенмен, стансаны пайдаланудың алғашқы жылдарында мол тәжірибесі бар мамандармен бірге жұмыс істейміз. Яғни, егер де қандай да бір технологияны таңдасақ, онда аталған стансаны бастапқы пайдаланған кезде сыннан өткен мамандармен келісетін боламыз"
Сондай-ақ, министр қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салуда барлық қауіпсіздік ережелері сараланады дейді. Чернобль, Фукусимадағы апатты жағдайлардың қайталанбауы басты назарда екен. Сондай-ақ ведомста өкілдері бұл жоба сәтті аяқталса еліміздегі екінші атом электр станциясы салынатынын жеткізді. Ол Ертіс өзенінің бойында орналаспақ.
ЖАНДОС НҰРМАҒАМБЕТОВ - ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ - "Егер Қазақстан көміртек бейтараптығына апаратын жолды таңдаса, онда бірнеше атом станциясын салудан басқа жол жоқ. Ертіс – перспективалы алаң. Бірінші АЭС құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда: "Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады?" деген екінші сұрақ туындайды. Екінші АЭС Ертіс бойында, Курчатов қаласы аумағында пайда болуы әбден мүмкін
️