Сауран ауданында түрғындардың 60 жыл күткен жолы салынды

254
04.08.2022 11:24

Түркістан облысындағы Егізқара елді-мекеніне апартын жаңа жолдың құрылысы басталды. 60-жылдан бері елеусіз қалған тас жол, жыл аяғына дейін қолданысқа берілмек. Жаңа жолдың ұзындығы 20 шақырымға жуық. Қаратаудың қойнында жатқан Егізқаралық ағайын, құрылысқа дән риза.

ГҮЛЗИРА ІЛИЯСОВА – ЕГІЗҚАРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Қыстың күні қар қалың жауады. Сол кезде қатынау қиын болатын. Енді мына жаңа жол салынса ол мәселеміз шешілмек...

Елеусіз қалған ауылда бұрындары 100-ге дейін шаңырақ болған. Кейіннен өндіріс орындары тоқтаған соң жұрт бұл елді мекеннен үдере көшіпті. Қазірде бар-жоғы 10 үй бар. Ауылдың  таулы жерде орналасуы құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр екен. Соған қарамастан мердігер компания жұмысты айтылған уақыттан ерте бітірмек,

ЖАНДОС ДОСБОЛОВ – МАЙДАНТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ -  Құрылысқа жауапты «СтройСервис» компаниясы. Қазір мұнда 10 бірлік техника жұмыс істеуде. Бұйыртса төселген тас 4-5 жылда жерге жақсылап отырса, үстін асфальттайтын ойымыз бар...