Енді жұмыссыз азаматтар компьютерлік сауаттылықтарын тегін арттыра алады. Халықаралық Туризм және меймандостық университеті «әлеуметтік қызметтер орталығымен» бірлесіп осындай бастама қолға алды.Атқарылып жатқан игі істің мақсаты, әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға компьютермен жұмыс істеудің қыр-сырын үйретіп, жұмысқа орналасуына көмектесу екен.Мәселен, маусым айында ұымдастырылған дәл осындай семинарда жұмыссыз тұрғындар 5 күн бойы тегін дәріс алған.Нәтижесінде 23 адам оқуды аяқтағаны туралы арнайы сертификатқа ие болған. Айта кету керек, Түркістан облысы өзге өңірлермен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі бойынша көш бастап тұр.
АРМАН ЕРМУХАМЕДОВ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А. - «Бүгін біз «әлеуметтік қызметтер орталығымен» бірлесіп, жұмыссыз және халықтың әлеуметтік топтарына арналған семинар ұйымдастырдық.қазіргі таңда компьютерді меңгерген,желіде ақпаратты жылдам іздеуді білетін мамандар барлық жерде керек.осындай семинарлардың ұйымдастырылуы – жұмыссыздықпен күресте көмегін тигізері сөзсіз»
Сондай-ақ, орталық мамандары 522 құқық қорғау қызметкерлеріне туристік этикет бойынша курстар өткізген. Бұл курстар арқылы полицейлер туристерді қарсы алу және олармен қарым-қатынас жасау мәдениетін толық үйреніп шыққан
️