Түркістан облысы Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж 88 отбасы қуанышқа кенелді. Оларға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Игі шара Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы «Көпбалалы отбасыларды тұрғынүймен қамтамасыз ету» жарлығы бойынша жүзеге асуда. Үйлі болғандардың басым көпшілігі - талай жылдан бері баспана кезегінде тұрған азаматтар.
️