18 жастағы сарбаздың мойнында 9 млн теңге несие бар. Осылай деген ҚР Қорғаныс минситрлігінің өкілі сарбаздардың өліміне жеңіл қарауға болмайды дейді. Тиісінше бір ведомстваны ғана қаралау қателік екенін айтады. Дегенмен кешенді жұмыс тобы құрылған. Оған қорғаныс министрлігімен қоса, өзге министрлік өкілдері мен азаматтық қоғам өкілдері қосылған. Олар Осыған дейінгі бірнеше жылдық оқиғаларға зерттеу жүргізіп, себептерін зерделейді. Ай сайын жеке құраммен әңгімелесулер өткізіледі. Одан бөлек цифрландыру бойынша да бейнебақылау орнату, олардың даладағы көріністерін бақылайтын камера мен қолдарына электронды білезік тағу сынды бастамалар қарастырылып жатыр екен. Психологиялық тест арқылы олардың суицидке бейімділігін де зерделенбек.
ДАРХАН АХМЕДИЕВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Цифрлық офицерлер» - цифрлық трансформацияны жүргізуге жауапты, цифрландыру стратегиясын айқындайтын басшылар. Бұл мемлекеттік цифрлық платформалармен және жобалармен үйлестіруді қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық даму саясатының бастамашылары мен жолсеріктері. Бірінші кезеңде «цифрлық офицерлердің» 13 лауазымын енгізу ұсынылады, онда жақын арада цифрлық трансформация жоспарланып жатыр.
️