Бір күнде 4 мың науқас коронавирус жұқтырады. Денсаулық министрі Ажар Ғинияттың кезекті болжамы дөп келетін секілді. Өйткені 20 маусымнан бастап елімізде індет жұқтыру көрсеткіші арта бастаған. Соңғы екі аптаның өзінде вирус жұқтырғандар үлесі – 3 есеге өскен. Бағалау матрицасы бойынша бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Осы орайда, Ажар Ғиният вакцинация мен ревакцинация жасау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.
АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДЕНАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ – «Аурудың ең көп өсімі еліміздің 6 өңірінде байқалады. Онда соңғы 2 аптада сырқаттанушылық 5 есе және одан да жоғары. Оның ішінде Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облысында, Павлодар, Ақмола облыстарында 6 есе, Қостанай облысында 5 есе көтеріліп отыр»
Сонымен қатар, премьер-министр Әлихан Смайылов коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу шараларын сақтауға шақырды. Денсаулық сақтау министрлігіне жағдайды қатаң бақылауда ұстауын талап етті. Қауіпті кеселдің елорда мен Қарағанды облысында көбейгенін көріп отырмыз. Бұл – өте жоғары көрсеткіш деген Смайылов маска тағу. әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты негізгі шаралардың сақталуы керектігін жеткізді.
️