Алматыда карантин режимін бұзғандарға 320 млн теңге айыппұл салынды

76
08.06.2021 12:34

Алматыда соңғы бір тәулікте 184 адам коронавирус жұқтырған. Бір аптада симптомды науқастардың саны да көбейген. Олардың  20 пайыздан астамы жекеменшік жұмыс орындарының қызметкері екен. Әкімдік қала тұрғындарына бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүруді  ескертуде. Эпидахуал талқыланған отырыста  мониторингтік топ жұмысы  да сөз болды.  Жалпы жыл басынан бері шаһарда 24 мыңға жуық нысанға 2600-ден астам тексеру жүргізіліпті. Онда 2200-ден астам заң бұзушылық  анықталған. Нәтижесінде, Заңды және жеке тұлғаларға 320 млн теңге айыппұл салынған.  Айта кетейік, мұнда, «Ashyq» жобасы бойынша  1700-ден астам кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді.