Қазығұртта жол мәселесі шешімін табуда

325
03.08.2022 05:51

Қазығұрт ауданында іргелі істер іске асуда. Әсіресе жол мәселесі бір ізге түскен. Облыстық және жергілікті бюджеттерден 421 млн теңге қаралып, көшелер ретке келтірілді.  Биылдың өзінде 22 көшеге  орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Игі іс «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында шешімін тапқан. Ауданда атқарылып жатқан бастамаларға халық дән риза

АТАБЕК ӘМІРСЕЙТОВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ - «Бәріне рахмет: Осы жерлердің барлығы лай болып жататын еді. Балаларда мектепке енді таза баратын болды. Барлығы көңіліміздегідей істеліп жатыр». 

Бұдан бөлек, ауданда абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Қарқынды құрылыстың бәрі ел игілігі үшін дейді жауаптылар. Ішкі жолдары реттеліп, жаңа асфальт төселді. Биыл Қазығұрт ауданының автомобиль жолдарының  орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды екендігін айтуда.

ТҰРДАЛЫ АБДАКИМОВ -  ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - «131 млн теңге,аудандық бюджеттен 282 млн теңге 79,60 шақырымды құрайтын 22 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.соның ішінде 2022 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Жігерген елді -мекенінде 12,3 шақырымды құрайтын 5 көшеге 209 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмсытары аяқталып, қазіргі таңда мердігер мекеме   тиісті жұмыстарын жүргізді».