Сауран ауданында экосенбілік өтті

554
03.08.2022 05:29

Майдантал ауылы Қаратаудың етегінде орналасқандықтан туристтер мен демалушылар көптеп келетін орын. Алайда, тынығушылардың дені  отырған орындарын шашып, қалдықтарын жинамай кетеді екен. Ауыл тұрғындарының ауыз біршілігі осындай  сәттерде білінеді. Елді мекен тұрғындары туған жерлеріне жанашырлықпен қарап, әр аптада сенбілік өткізуді әдетке айналдырыпты.  

Майдантал ауылының тұрғындары үшін табиғат ананы аялау міндетті іс. Сол үшінде болар әрбір сенбілікке халық тайлы тұяғымен қалмай қатысады. Балаларда үлкендерден қалыспай, тазалық жұмыстарына белсене атсалысады.

ГҮЛСІМ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ - Қазір мұнда қырықтан аса тұрғын бар. Барлықтары өздерімен бірге қап, тырма секілді құралдарын алып шығады. Бұл сенбілік ең әуеле ауылымыздың сұлулығын сақтап қалу үшін жасалуда.

Сенбілікке тек тұрғындар ғана емес мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдер де қатысады. Барлығыда өз еріктерімен. Майдантал жұртын қынжылтатын жалғыз мәселе демалуға келгендердің табиғат ананы аяламайтындығы.

ЖАНДОС ДОСБОЛОВ – МАЙДАНТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ-Тауға келушілерге айтарымыз, отырған орындарын тазалап кету. Қоқысты арнайы орындарға тастаса нұр үстіне нұр болар еді. Мына жиылған жұрттың барлығы сіздер тастап кеткен қалдықтарды жинауда.

Бүгінде Майдантал ауылында 5000-нан аса тұрғын бар. Басты кәсіп ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ бұл жер көз тартар табиғатымен көптің қызығушылығын оятады. Алдағы уақытта мұнда арнайы демалыс орындары салынып, ауылда туристтік нысандарды көбейтуді көздеп отырмыз дейді ауыл әкімі.