«Қазыналы қария-тең қоғам». Түркістан облысы Келес ауданында осындай әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Осы жылдың наурыз айында ашылған нысанда 14 түрлі қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, дене шынықтыру, тұз кешені, терапевт кеңесі, шахмат, компьютер орталығы мен интернет үйрету курстары қамтылған. Сондай ақ, кітапхана, мейіргерлік сүйемелдеу, психолог мамандары да қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін орталық 250 зейнеткерді қабылдап үлгерген. Олардың 110-ы ер азамат болса, 145- әйел адам мекеме қызметіне жүгінген. Қазіргі таңда, орталықта 72 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.
️