Дәмханадан телефон ұрлаған ұсталды

193
03.08.2022 05:18

Телефонды қолды қылған  ер адам ұсталды. Жәбірленушінің айтуынша, өзі жұмыс істейтін дәмханадан оның 70 000 мың теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарап, нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар ер адам ұсталды. Әлгі жігіт дәмханаға түскі ас ішу үшін кірген. Содан үстел үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түскен.  Осыдан соң ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, арам ойын жүзеге асырып, дереу шығып кеткен.   оны  базарға апарып сатып, ақшасын жаратып жіберген.                                                                                                                                                                                                

ШЫҢҒЫСХАН МҰРТАЗА -МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ АНЫҚТАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ АНЫҚТАУШЫСЫ - Аталған жайтты Мақтаарал ауданы полиция бөліміне полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды Бүгінде күдіктіге қатысты іс-құжаттар сотқа жолданды.