Төлеби ауданында астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

200
03.08.2022 04:49

Түркістан облысында астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде егіс көлемі айтарлықтай артқан. Мәселен, осы жылдың өзінде 859 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға ұлғайған. Науқан барысымен танысу үшін Төлеби  ауданына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы барып қайтты.  

Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданына барып, астық ору барысын көрді. Диқандармен кездесіп,  өнімділікті арттыру, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты. Шаруалардың бірі мал азығын жиса, ендібірі егін орып, қамбаларға дән құюда. Облыс басшысы «Бірлік» өндірістік кооперативінің егіс алқабындағы бидай ору жұмыстарына оң бағасын берді. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы егіс көлемінің 198 мың гектары орылды. Қамбаға 346 мыңнан тоннадан аса астық құйылды. Сонымен қатар, 3,1 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Шаруалардың айтуынша, егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Тіпті биыл  шаруашылыққа қолайлы жыл болғанын айтады. 

ӘБДІНҰР АБДӘЛІҰЛЫ – «БІРЛІК» ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ - Биылғы түсім жаман емес. бидайдан 20-23 центнерден өнім алудамыз. Жылдан жылға кооперативіміз дамып, сапаға жұмыс істеп жатырмыз. 00/56 Өте жақсы жыл болып жатыр. Шөп те бидай да мол болды. Былтырға қарағанда. Биыл Құдайға шүкір өнімді жыл болып жатыр. 

Жалпы өңірде 2021 жылы 525 жоба іске асырылған. Оның біршама бөлігіне «Еңбек» бағдарламасы демеу болды. Бағдарлама аясында  162 жоба қолдау тапты. Ал осы жылы 1224 тың идея жүзеге асырылуда. Жалпы 2022 жылы Түркістан облысы ауыл шаруашылығында 1 трлн теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. 

ТҰРҒАНБЕК ОСПАНОВ –  ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Масақ дақылдарына келер болсақ 263 мың 800 гектар жер орналысып,  Қазіргі таңда 75 пайызы түгел орылып шықты. 350 мың тоннадай астық қамбаға құйылып отыр. Енді осы 18,7 центрнерден келіп отыр. Ол енді былтырғымен салыстырғанда 8-9 центнерге артық болып отыр. Яғни биылғы жыл қолайлы болды. 

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты 3 негізгі бағытқа басымдық беріліп отыр. Алғашқысы, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу. Ал екіншісі, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы. Соңғысы, жеке су үнемдеу технологияларымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тәжірибесі.