Түркістан облысының Отырар ауданында ағын су мәселесі жүйелі шешіліп келеді. Қазірде «Қызыл ту» станциясында орналасқан 4 дана СНП-500 маркалы насостарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілген. Осы арқылы Алтынбеков каналы арқылы 6,5 м/с су босатылса, Арыс өзеніндегі насос станциясы арқылы каналға қосымша 2 м/с су тасталуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Талапты ауылының Сегіз там тұсындағы егін алқаптары толығымен суғарылып, Қоғам ауыл округі шаруаларының мәселесі шешімін тапты. Ендігі кезекте Қарғалы ауыл округінің Отырар елдімекені аумағындағы егіс алқаптарына су жеткізу басты назарға алынып отыр. Аудан әкімдігі шаруаларға қажетті су жеткізу үшін күнделікті кезекшілер қойып мәселе қатаң бақылауға алынған.
️